#Талас: Қаратаулықтар "Насихат дастарханында" бас қосты

#Талас: Қаратаулықтар "Насихат дастарханында" бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының бастамасымен аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінде "Насихат дастарханы" шарасы аясында жамағат үшін айлық дастархан жайылды.

Рухани шарада аудан бас имамы сөз алып, келген жамағатқа ақ тілегін жеткізді. Ал, аудан мешітінің найб Азамат Әміртайұлы, "Әбдібай ата" мешітінің имамы Омар Асқарбек ардақты пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өміріне тоқталып, жақсылыққа шақырып, жамандықтан алыс жүруді айтып, тағлымы мол әңгімесімен рухани кешті әсерлі етті.

Шара соңында мешітіміздің ақсақалы Мүбашшир ағамыз өз ризашылығын айтып, игі бастамалары мол болып, рухани  дүниеміз кең болсын, деп дұға жасады. Алдағы уақытта айлық дастарханымыз жалғасын таппақ!

Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: