Білім инемен құдық қазғандай. Адам өмірінің соңына дейін білім алады, ал кейде тіпті оның өзі аз болады. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады. Адамның білімсіз өткен бір күні бос күні. Батыл бірді жықса, білімді мыңды жығады. Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетер ең биік шыңы білімді толық меңгерген күні.
Білім – құндылық, білім – жүйе, білім – үрдіс, білім – нәтиже, демекші аудандық Қордай мешітінде жамағат арасында білім сайысы өтті. Сайыс сұрақтары Құран, фиқһ, ақида, ислам тарихы, сахабалар ғұмыры, әдеп-ахлақ тұрғысында қойылды.
Жамағаттың білімін, біліктілігін, бірлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қатысып, білім сайысында сынға түскендерді бағалады.
Жүзден жүйрік шыққан жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі