Тараз қаласы өрт сөндірушілер орталығында "Діни экмтремизімнің алдын алу" тақырыбында кездесу өтті. Аталмыш ақпараттық кездесуге Тараз қаласы «Әл Фирдаус» мешітінің найб имамы Нүсіпжан Маратбекұлы және өрт сөндіру қызметкерлер қатысты.
Мұнда қазіргі қоғамымызда орын алып жатқан келеңсіздіктер жат ағымның жетегінде кеткен қазақ жастарының қателігін кейінгі өсіп келе жатқан қара көздерге анық көрсетіп, экстремизімнің алдын алу жайында мәселе қозғалды.
Аймағымызда өтіп жатқан пайдасы орасан зор іс-шаралардың бірі аталмыш кездесу. Себебі бүгінгі жастар - ертеңгі елдің болашағы. Ал, олардың дін мен ділін, ата дәстүр-салтын жетік меңгеріп, дұрыс білуі бүгінгі дін мен қоғам кызметкерлерінің қолында. Ендеше, еліміздің еңсесін түзеп, рухани құндылықтарға сусындататын осындай игі шаралар өз жалғасын таба бергей.
Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі