#Қордай: 21 отбасыға азық-түлік себеті таратылды

#Қордай: 21 отбасыға азық-түлік себеті таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылықтың ең абзалы – мұқтаж жандардың қажетін өтеу. Азық-түлік қымбаттап, күннің салқын сызы қосылған сәтте Қордай аудандық мешіті өз қамқорлығын танытып, жәрдем қолын созды. 

Орталық мешітте 21 отбасыға азық-түлік түрінде көмек үлестірілді. Қажеттіліктер көлемді түрде 5 киллограм, 5 литр сынды салмақта молынан берілді. Мешіттің наиб имамы көпшілік алдына шығып, "сабыр" турасында қысқа насихатын жеткізіп, отбасыларға қайырымдылықты табыстады.

Айта кетейік, игі іс үшін жалпы 320 000 теңге қаражат жұмсалды. Көмек алғандар алғыстарын айтып, үлкендері батасын берді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: