#Қордай: Аудан бас имамы Бетқайнар жамағатына уағыз айтты

#Қордай: Аудан бас имамы Бетқайнар жамағатына уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Бетқайнар ауылдық мешітінің жамағатымен жүздесіп, "Ихсан" турасында уағыз айтты. 

"Адам баласы құдды бір тәрбиені, қадағалау мен бақылап отыруды қажет ететін нәресте іспетті. Жүріп тұруы, тамақ жеуі, ұйықтауына дейін әрдайым қарап отыруды талап етеді. Яғни адам тәрбиесін үнемі жүргізіп отырады. Абай атамыз бір сөзінде: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақыретке, не дүниеге жарамды, күнін де өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?» – деп, адам баласын өтіп жатқан өз өміріне үңілуді өсиет еткен. Хазреті Әли (р.а.): «Есепке тартылмай тұрып, өзіңді есепке тартыңдар», – деген. «Ихсан – адам баласының рухани тұрғыдан кемелдіктің шыңына әрдайым ұмтылып отыруы»... " - деп атап өтті имам өз сөзінде.  

Имам адам баласының үнемі Алланың назарында болатындығы және оны рухымен, жүрегімен сезінудің маңыздылығын тілге тиек етіп, көпшіліктің көкейкесті сауалдарына жауап берді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: