#Қордай мешіттері ауыл тұрғындарына қамқорлық танытты

#Қордай мешіттері ауыл тұрғындарына қамқорлық танытты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қара суықта қара көмір ауыл тұрғындары үшін бағалы затқа айналды. Мұндай сәтте мұқтаж отбасылардың қабырғасына жүк түсетіні бесенеден белгілі. 

Мұны ескерген Қордай ауданының мешіттері ауылдастарға көмек қолын созып, жәрдемін ала жүгірді. 

Атап айтсақ, Әлжан ана ауылы "Құдайберген" мешіті 5 отбасыға 5 тонна көмір түсіріп, 135 000 теңгені қайырымдылыққа жұмсаса, "Атамқұл" мешіті 10 отбасыға 100 000 теңгеге аталмыш қара алтынды жеткізіп тастады. 

Ал Қаракемер ауылдық мешітінде 1 ірі қара сойылып, еті 26 отбасыға таратылды. Аязда 28 отбасының батасын алып қайтқан мешіт қызметкерлері жасаған қайырымдылық шарасы үшін жалпы, 375 000 теңге қаражат жұмсады.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: