#Қордай: Әжелер алқасы қыз-келіншектерге насихат айтты

#Қордай: Әжелер алқасы қыз-келіншектерге насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінің жанынан құрылған "Әжелер алқасының" мүшелері мешітке жиналған әйел-қыздар жамағатына насихат айтты.

Өмірден түйіп-білгені мол ақ жаулықтылар қоғамдағы түйіткілді мәселелердің түйінін көтерді. Отбасы ұйытқысы, иман, білім жайында тілге тиек етіп, көпшілік үшін дұға жасады. Аллаға шүкір айтып, білім алуға шақырды.

"Аллаға иман" кешіне жиналған қыз-келіншектерге сыйлық табыстап қуантты. Әжелер өз тараптарынан жаңа ұсыныс жасап, үлгі-өнеге көрсетті.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: