#Қордай: Әйелдер жамағаты рухани кешке қатысты

#Қордай: Әйелдер жамағаты рухани кешке қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінде "Аллаға иман" тақырыбында рухани кеш өтті. ҚМДБ Әйел-қыздар секторының өңірдегі жауапты ұстазы Эльмира Есімқараеваның ұйымдастыруымен өткен шараға әжелер, қыз-келіншектер, мешіт шәкірттері қатысты.

Жиында иман, иман ету түрлері, Аллаға иман тақырыбы ашықталып, қойылымдар қойылды. Шәкірттер иман жайлы монологтар оқып, көпшілікті терең ойға салды. Сонымен қатар Алланы еске салатын өлең жолдар оқылды.

Шарада сұрақ-жауаптар мен түрлі ойындар ұйымдастырылып иманның маңызды екені әйел жамағатына түсіндірілді.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: