#Қордай: Құран сайысында әжелер алқасының мүшелері де бақ сынады

#Қордай: Құран сайысында әжелер алқасының мүшелері де бақ сынады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінде әйелдер жамағаты арасында Құран сайысы өткен болатын. Аталған сында аудандық "Әжелер алқасының" мүшелері  Жумакул Бабикенова, Жанаркул Қалиасқарова сында апаларымыз сөз сөйлеп, жастарға Құран оқудың пайдасы, сауабы туралы насихат айтты.

"Әжелер алқасының" мүшелері де Құран жарысына қатысып, өз бақтарын сынады. Самайына ақ түссе де Алланың кәләмін жаттаудан жан салып жүрген әжелердің ішінен ең үздік орында Насима Досықызы көрініп,  Алтынкул Сүлейменқызы апамыз 2-орын, Жанаркул Дәрменалықызы апамыз 3-орын алды.

Ал Гулшаһар Қожабекқызы апамыз ең белсенді қатысушы атанды. Қария жасында Құран жаттап жүрген ақ жаулықтылар жастарға жақсы үлгі- насихат болған-ды. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: