Құбыламыз болған қасиетті мекенге өмірінде бір рет болсын барып қайту - әрбір мұсылманның асқақ арманы. Дәл осындай бақыт мешіттің наиб имамына бұйырды.
Кәсіпкер азаматтардың ұйымдастыруымен Тараз қаласында орналасқан "Әзрет Әли" мешітінің наиб имамы Ержан Көшкімбайға кіші қажылықа яғни Ұмра сертификаты табысталды.
Жұма күні жасалған игілік үшін бүкіл жамағат қуанып, наиб имамға қабыл болатын қажылық тіледі. Кәсіпкер азамат сыйлықты атап беріп, алғыс айтты. Мұндай тосын сыйға тәнті болған Ержан Көшкімбай көзіне жас алып, кәсіпкерлерге Алла разылығын тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі