Жамбыл облысы аудандық "Қордай" мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының аудандағы ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен нәзікжанды жамағат арасында өңірлік Құран жарысы өтті.
Білім додасы қасиетті Құран Кәрімның 30-параның жартысы және Құранды мәнерлеп оқу номинациясы аясында жүргізілді.
Бірінен-бірі озық шығып, Құранды махражына сай оқыған қыз-келіншектер арасынан суырылып шығып жүлделі орындарды иеленген шәкірттер нәтижесі төмендегідей:
Жарты пара бойынша:
1-орын - Дәрменқызы Айнара;
2-орын - Асхатқызы Марям;
3-орын - Досықызы Насима.
"Бәләд"-"Нас" сүрелерін мәнерлеп оқудан:
1-орын - Садатдинкызы Индира мен Ермекқызы Аяжан;
2-орын - Сүлейменқызы Алтынкул;
3-орын - Дәрменәліқызы Жанаркул.
Құранды мәнерлеп оқудан:
1-орын - Арғын Гулсім;
2-орын - Талғатқызы Фариза;
3-орын - Асқарқызы Марям.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі