Меркі ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы тұрғындары арасында волейболдан жарыс өтті.
Жарысқа ауыл ардагерлері, ауыл жастары мен мектеп ұжымынан құралған 4 команда қатысты.
Жарыстың мақсаты ауыл тұрғындарының арасында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, ынтымақ-бірлікті насихаттау болды. Жарыс соңында үздік шыққан командаларға жүлделер табысталды. Жүлде табыстау рәсімін жарыстың ұйымдастырылуында бас қасында жүрген ауыл имамы жүргізді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

