#Жамбыл: Аудан мешіттерінің қатары толықты

#Жамбыл: Аудан мешіттерінің қатары толықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы  Гродеково ауылында жаңа мешіт ашылды. Мешіттің салтанатты ашылуына Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы келіп қатысты. Сонымен бірге, Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Байдалиев Асқар мен аудан ақсақалдары және басқа да ауданға қарасты мешіт имамдары мен мешіт жамағаты келді.

Мешітке құлшылық үйін соққан, Тимур Марякұлының атасы, «Арғынғазы ата» атауы берілген болатын. Аталмыш шарада, ел игілігіне берілгелі отырған құлшылық үйін облыстың бас имамы өзі ашты. Салтанатты жиында сөз алған облыстың бас имамы мешіт салудың қандай сауапты іс екендігін айтып,  кәсіпкерге алғыс хат табыс етті. Жаңа мешітте облыстың бас имамының қатысуымен алғашқы жұма намазы оқылды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: