#Меркі ауданы: Бас имам «Меркі ата» мешіті ұжымына алғысын білдірді

#Меркі ауданы: Бас имам «Меркі ата» мешіті ұжымына алғысын білдірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы жылды қорытындылап, «Меркі ата» мешітінің ұжымына алғысын білдірді. Жиынға «Меркі ата» мешітінің дін қызметкерлері мен шаруашылық қызметкерлері, дәретхана мен асхана қызметкерлері толық қатысты.

Бас имам сөз сөйлеп, осы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, Облыс имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің алғыс хатын көрсетіп, атқарылған істің жемісті болғанын атап өтті. Және де мешіт қызметінде жүрген аға-әпкелерімізге де тоқталып, мешіт, дәретхана және асхана тазалығын өз дәрежесінде атқарып жүргендігі үшін рахметін айтты.

Мешіт жанындағы асхана мен дәретхана құрылысының бас қасында жүрген наиб имам  Үсен Тилеубердиев мен күзетші Әділетті  Альменов ерекше атап өтіп, еңбектері үшін ризашылығын білдірді. Мешіт қызметкерлеріне алдағы жылы да шаршамай осы қарқынмен жұмыс істеуді тапсырып, алдағы жылға жоспарларымен бөлісті. Бас имам «Меркі ата» мешітінің барлық қызметкерлеріне атқарған жұмыстары үшін қаржылай сыйлықтар табыстады.

Жиын соңында елімізге, жерімізге дұға жасалды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: