Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылы «Ақыртөбе» мешітінің имамы Батыр Нұрпейсовтің бастамасымен және ауыл тұрғындарының қолдауымен тұрмысы төмен 1 отбасыға баспана кілті табысталды.
Бұл игі іс шараға ауылдың зиялы қауым ақсақалдары мен басшылық қызметкерлері шақырылып, ел алдында баспана кілті берілді. Қолдау көрсеткен барша ауыл жастарына рақмет айтылып, жылы лебіздерін білдірді. Ауылдың имамы іс-шара соңында бата беріп, жастарға разылығын айтып, баспана иелеріне құтты баспана болуын тіледі.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі