#Меркі ауданының бас имамы студенттерге қолдау көрсетті

#Меркі ауданының бас имамы студенттерге қолдау көрсетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінінде білімнің орны ерекше. Өйткені, Алла Тағаланың адам баласына түсірген ең бірінші сөзі – «Оқы!» болған. Және де Пайғамбарымыз (с.а.с): «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы және жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Алладан оның күнәларының кешірілуін тілейді!», - деп білімнің маңыздылығын көрсеткен. 

Дана халқымыз «Білім жолы - жәннаттың жолы» деп бекер айтпаса керек. Қазақстан Республикасының жоғары білімді имамдар, исламтану, дінтану  мамандары дайындалатын «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті бірегей жоғары оқу орынында, Меркі ауданынан 12 шәкірт білім алуда. Сонымен қатар "Әбу Ханифа" медресе-колледжінде 1 шәкірт және "Үшқоңыр" медресе-колледжінде 5 шәкірт тәлім алуда.

Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен Ислами білім ошақтарында білім алып жатқан шәкірттеріміздің басын қосып, арнайы дастархан жайып, қаржылай көмек көрсетті.

Бас имамның ұйытқы болуымен аудан имамдары бірауыздан шәкірттерге қаржылай көмек қолдарын созып, демеушілік жасады.

Жиын барысында бас имам Азамат Берікұлы «Білім» жайлы уағыз-насихат айтты. Және де шәкірттердің ұсыныс-өтініштерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап берді. Бітіруші екі түлекті ауданға шақырып, еліне, туған жеріне қызмет етуге ұсыныс жасады.

Жиын соңында, шәкірттерге білім жолындағы күш-қуаттарының арта беруіне тілектес екендігін білдірді. Сонымен қатар Меркі ауданы имам-молдаларының атынан шәкірттерге қаржылай көмек берілді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: