Арақ туралы аяттың түсіндірмесі (жалғасы)

Арақ туралы аяттың түсіндірмесі (жалғасы)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кез келген жағынан харам

Пайғамбарымыз (ﷺ) араққа байланысты он кісіге лағынет айтқан: «Арақты сығушы, сығуға тапсырыс беруші, ішуші, тасушы, алдыртушы, құюшы, сатушы, арақтан түскен пайданы жеуші, арақты сатып алушы және сатып алдырушы».

Арақ ішетінмен бірге отырмау
Осы дәстүрге байланысты мұсылман арақ-шарап қойылған жерде отырмауы тиіс. Омар (р.а.): «Мен Алла Елшісінің (ﷺ): «Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, арақ қойылған дастарқанға отырмасын», - деген сөзін естіп едім», – дейді.

Қисса
Сали бин Абдулла (р.а.) риуаяты: «Пайғамбарымыз (ﷺ) дүние салғанан кейін Әбу Бәкір, Омар (р.а.) және бір топ адамдар отырып ең үлкен күнә жайлы әңгіме қозғайды. Олар ортақ пікірге келмеген соң, Абдулла бин Амрден сұратады. Ол: «Ең үлкен күнә арақ ішу», – деді. Өйткені пайғамбарымыз (ﷺ): «Бәну Исраил патшаларының бірі бір адамға жаза ретінде: арақ ішуді, өлім жазасын, зина жасауды және доңыз етін жеуді таңдауға бұйырады. Бас тартса, өлім күтіп тұр. Ол арақ ішуді таңдап, ақыры арақ барлық қылмысты істеуге итермелегендігін айтқан екен».

Қорыта айтқанда
Арақ – адамға ең ауыр соққы беретін дерт. Елімізге осы арамнан түскен пайданың жақсылығы болмасы хақ. Өйткені арақ кесірінен болған кісі өлімі, жол және өндірістік апат шығынын ешбір қаражат қайта қалпына келтіре алмайды. Оны жай қарапайым адамнан бастап ең білікті экономист те растайтын болар. Қоғам бұл қасіреттен айығу үшін барлық күрес тәсілін қолдану қажет. Біз дін қызметкері ретінде ішімдіктің залалды зардаптарын сізге жеткіздік. Енді сіз де бұл күреске өз үлесіңізді қосыңыз.

 

Қияметтің кіші белгілері (жалғасы)

6. Жалаңаш әйелдердің пайда болуы. Әйелдердің жалаңаш сияқты киінуі. Олардың жартылай ашық киінуі, орамалсыз жүруі, денесіне жабысқан тар көйлек киюі немесе әурет жерлері көрініп тұратын жұқа көйлектер киюі – қияметтің белгісі.  Мұндай әйелдің үстіне киген киімі бар болғанымен, хадисте айтылғанындай, жалаңаш болып есептеледі. Әбу Һұрайрадан (р.а) жеткен хадисте:

صِنْفَانِ مِنْ أَهْلِ النَّارِ لَمْ أَرَهُمَا : قَوْمٌ مَعَهُمْ سِيَاطٌ كَأَذْنَابِ الْبَقَرِ يَضْرِبُونَ بِهَا النَّاسَ ، وَنِسَاءٌ كَاسِيَاتٌ عَارِيَاتٌ ، مُمِيلاَتٌ مَائِلاَتٌ ، رُءُوسُهُنَّ كَأَسْنِمَةِ الْبُخْتِ الْمَائِلَةِ ، لاَ يَدْخُلْنَ الْجَنَّةَ وَلاَ يَجِدْنَ رِيحَهَا ، وَإِنَّ رِيحَهَا لَيُوجَدُ مِنْ مَسِيرَةِ كَذَا وَكَذَا

«Тозақтағылардың мен көрмеген екі түрі бар: киінген жалаңаш және ырғатылған, ауытқыған, бастары ұзын мойынды түйелердің бұлғақтаған өркештеріндей әйелдер. Ол (әйелдер) Жаннатқа кірмейді, оның иісін де сезбейді. Ал оның иісі пәлен-пәлен қашықтықтан сезіледі»- делінген. Бұл хадиске түсініктеме берген XIII ғасырда өмір сүрген Имам Нәуәуи хадистегі «киінген жалаңаш»-тан не мақсат етілгенін түсінбедім деген, ғұламалар өткен ғасырларымызда ашық-шашық киіну етек ала бастаған кездерде бұл хадисте айтылған сипат деді. Бұл Пайғамбарымыздың (ﷺ) заман өте түсінілетін хадистерінің қатарына жатады деген.

Пайғамбарымыз (ﷺ): «Арсыз әйелдер көбейсе, арсыздық қоғамда кеңінен етек алса, бұрын соңды болмаған шипасыз аурулар пайда болады. Таразыда, өлшемде алдау көбейсе, күн көріс тапшылығы болады», - деген. Хадисте айтылған арсыздық, шипасыз аурулар, таразыдан жеу, күнкөріс тапшылығы, өкінішке орай, бізде табиғи жайтқа айналған. Ойлап қараңызшы, жан-жағыңызда толып жүрген жартылай жалаңаш әйелдердің іс-әрекеті нені білдіріп тұр. Біздің апа-қарындастарымыз, қыз-қырқындарымыздың қияметтің белгісінің куәсіне айналуы нендей өкініш.

 Алла Тағала біздерге ескертіп:

﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قُوا أَنْفُسَكُمْ وَأَهْلِيكُمْ نَارًا وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ﴾

«Ей! Иман еткендер өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдардан және тастан болған тозақ отынан қорғаңдар дейді».

7.Аманаттың жоғалуы.  Пайғамбарымыз (ﷺ):

إِذَا ضُيِّعَتِ الأَمَانَةُ فَانْتَظِرِ السَّاعَةَ

«Егер аманат жоғалсақияметті күте бер», - деген. Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ):

ينام الرجل النَّوْمَةَ فتُقْبَضُ الأمانة من قلبه فيظَلُ أَثرُها مِثلَ أَثَرِ الْوكْت

«Адам ұйқыға кетеді, ал иман мен адалдық бірте –бірте оның жүрегін тастап шығады. Ал, онда қалған нәрсе, күйіктің ізіне ұқсайды»,- деген. Аманаттың жойылуы және оның жүректерден алынуы. Сыр сақтаушы сенімді кісілердің көп болуы ислам үмметінің тұрақтап нығаюына, өркениетінің қарыштап дамуына зор септігін тигізеді. Ал егер жүректерден аманатшылдық кетсе рухани құндылықтар да жойылып, ішкі сырлар сақталмайтын, бүлікке толы өмір басталады. Яғни, адамдардың көпшілігінің сыры сақталмайтын болса және сыр сақтау міндеті лайықты адамға жүктелмесе, онда аманат жойылып, қиямет жақындайды. Қияметтің бұл белгісі осы заманымызда кеңінен байқалуда. Қоғамда аманатшыл болуға тиісті тұлғалардың өзі нәпсі қалауының алдында әлсіздік танытып жүр.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ ، قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : إِذَا ضُيِّعَتِ الأَمَانَةُ فَانْتَظِرِ السَّاعَةَ  , قَالَ : كَيْفَ إِضَاعَتُهَا يَا رَسُولَ اللَّهِ ؟ قَالَ : إِذَا أُسْنِدَ الأَمْرُ إِلَى غَيْرِ أَهْلِهِ فَانْتَظِرِ السَّاعَةَ

Әбу Һұрайрадан (р.а) Пайғамбарымыз (ﷺ): «Аманат жоғалған шақта қияметті күте бер» – дегенде, ол: қалайша дейді? Ол (ﷺ): «іс тиісті адамға тапсырылмаған шақта қияметті күте беріңдер»,- деген.

8.Уақыттың жылдам өтуі. Биік те зәулім ғимараттардың тұрғызылуы. Пайғамбарымыз (ﷺ) бір хадисінде:

لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَتَقَارَبَ الزَّمَانُ، فَتَكُونُ السَّنَةُ كَالشَّهْرِ، وَالشَّهْرُ كَالْجُمُعَةِ، وَتَكُونُ الْجُمُعَةُ كَالْيَوْمِ، وَيَكُونُ الْيَوْمُ كَالسَّاعَةِ، وَتَكُونُ السَّاعَةُ كَالضَّرَمَةِ بِالنَّارِ

«Қиямет белгілерінің бірі – уақыттың қысқаруы, білімнің жойылуы, бүліктің шығуы, ашкөздіктің етекалуы», - деген.

Хазіреті Омардың (р.а) жеткізген хадисінде:

عَنْ أَمَارَتِهَا قَالَ أَنْ تَلِدَ الْأَمَةُ رَبَّتَهَا وَأَنْ تَرَى الْحُفَاةَ الْعُرَاةَ الْعَالَةَ رِعَاءَ الشَّاءِ يَتَطَاوَلُونَ فِي الْبُنْيَانِ

«...Қиямет сағаты жақындағанда күң өзінің қожайынын туады және жалаңаяқ жалаңаш қой соңындағы кедейлер биік-биік ғимараттар салуда өзара жарысқа түседі» деген. Бұл көріністі барлық елдерден байқауға болады. Хадиске мағына берген ғұламалар: қиямет жақындағанда бұзықтық және рухани азғындау кеңінен жайылады. Балалар ата-аналарын тыңдамай, қарсы келушілер көп болады. Тіпті ата-аналарына қожайындары қол астындағы құлдарына қалай мәміле жасаса сол секілді қарым қатынас қылады. Атқарылатын міндет қолынан іс келмейтін қабілетсіздерге тапсырылады. Адамдардың қолында мал мүлік көбейеді, молшылық, сән салтанат, ысырапшылдық артады, адамдар биік үйлер салып бір бірімен жарысқа түседі

9.Мал-мүлікті қандай жолмен тапқанға мән бермеу. Өсімнің көбеюі. Мұсылманның тақуалығы азайғанда діні де әлсірейді. Ал діні әлсіреген жан әр түрлі күмәнді кәсіптермен айналыса бастайды. Ақыр аяғында харамға ұрынып, мал-мүлкінің қайдан келіп жатқанына мән бермейтін жағдайға жетеді. Халал ма, харам ба, қызықтырмайтын болады. Осы заманымызда дәл осы көріністің куәсі болудамыз. Бұл жағдай Әбу Һұрайра (р.а) жеткізген мына хадисте анық айтылған, Пайғамбарымыз (ﷺ):

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ يَأْتِي عَلَى النَّاسِ زَمَانٌ لَا يُبَالِي الْمَرْءُ مَا أَخَذَ مِنْهُ أَمِنَ الْحَلَالِ أَمْ مِنْ الْحَرَامِ

«Адамдарға кісі өз тапқанының халал ма әлде харам ба екеніне көңіл бөлмейтін бір заман келеді», - деді. Қазіргі таңда айналаға көз тігер болсаңыз, көптеген адамдардың қандай жолмен болса да, халал-харамына қарамай, дүние жинау жолына түскенін байқайсыз. Алла Тағала Құранда:

كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ

«Жақсы (адал) нәрселерден жеңдер!» - деп бұйырған болса да дүниенің соңына түскен адамдар оның табылу жолдарына жеңіл қарап, сауданың харам түрлерімен айналыса бастады: темекі мен арақты саудалайды, әйелдерді жартылай жалаңаштайтын киімдер сатады, өсіммен айналысады, сауда орындарын харам зат сатататын саудагерлерге жалға береді. Әбу Һұрайрадан (р.а) келген хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ):

لَيَأْتِيَنَّ عَلَى النَّاسِ زَمَانٌ لا يَبْقَى أَحَدٌ إِلا أَكَلَ الرِّبَا ، فَإِنْ لَمْ يَأْكُلْهُ أَصَابَهُ مِنْ بُخَارِهِ

«Адамдар сондай бір уақытта өмір сүреді, ол уақытта өсім жемегені қалмайды. Өсімге жақындамаған адамның өзін өсімнің буы (бір риуаятта шаңы) шарпиды», - деген. Алла Тағала пендесінен адал нәрсені ғана қабыл етеді. Ал харамнан тапқан мал-мүлік, пайда Алла Тағаланың азабына душар қылады.

10.Жалған куәлік беру.  Қазіргі қоғамда жалған куәлік ету етек алып барады. Оны нақты өмірде болған шындық сияқты атқаратын дәрежеге жеттік. Біз мүмкін адамдарды алдайтын шығармыз, бірақ Алланы алдай алмаймыз. Бұлай жасау қияметтің белгісі. Оған дәлел – Пайғамбарымыздың (ﷺ): “Қияметтің алдында жалған куәлік беру болады”, - деп айтқаны. Сол сияқты жалған куәлік етудің тағы бір көрінісі – жалған құжаттар арқылы адамдар өз меншігін жасыру. Мысалы, лауазымда отырған бай адамдар өзінің атында түгі де жоқ қу тақыр кедей болып жалған куәлік жасайды. Жалған куәлік ету мұнымен шектеліп қалмай, қоғамның барлық саласын қамтиды. Өзін жалған куәлік ету арқылы мүгедек деп таныту, зейнетақы алу, т.б. Адамдар өзара бір-біріне куәлік бергенде бұған қатты мән беруі қажет. Мәселен, мекеме қызметкерлері мен басшылары арасындағы куәлік, тәлімгерлердің мектептегі және университеттегі куәлігі, балаларының ата-аналары алдындағы куәлігі, т.б толып жатыр.

11.Сараңдықтың көбейюі. Зекеттің ықылассыз берілуі.  Ислам қоғамын іштей ірітетін ауруының бірі – сараңдық және ол да қияметтің бір белгісі. Әбу Һұрайрадан (р.а) жеткен хадисте:

إِنَّ مِنْ أَشْرَاطِ السَّاعَةِ أَنْ يَظْهَرَ الْفُحْشُ، وَالشُّحُّ

«Сараңдықтың пайда болуы – қияметтің белгілерінен», - деп айтылған. Пайғамбарымыз (ﷺ) айтып кеткен осы нәрселер айна қатесіз орындалуда. Адамдар арасында бүлінушілік анық байқалуда. Бірімен бірі араласпау, ат құйрығын кесісу, көрші ақысына мән бермеу сияқты күнәлар белең алуда. Адамдар арасында махаббат пен сүйіспеншіліктің орнын бірін-бірі жақтырмау, жауласу сынды жаман қасиеттер басуда. Кісі өзінің көршісінің кім екенін, тіпті, жақын туысының кім екенін білгісі келмейтін заманда өмір сүрудеміз. Пайғамбарымыз (ﷺ) бір хадисінде: «Адамдарда сараңдық және дүниеге деген құштарлық арта түседі», - деген. Дүние-мүліктің бір бөлігін мұқтаждарға зекет ретінде беру арқылы адам іштей тыныштық табатыны белгілі. Зекет – салық та емес, айыппұл да емес. Зекет – мал-мүлікті тазартатын әрі пендені Аллаға жақындататын негізгі құлшылықтардың бірі. Ақырзаман алдында қоғамды сараңдық пен ашкөздік дерті жайлайды. Тіпті, байлардың кейбірі зекет беріп жатып, оны өзінен күштеп алынып жатқан салық түрі деп сезінетін болады. Сондықтан, ол заманда зекеттің көпшілігі ықылассыз беріледі. Ал дұрыс ниетпен істелмеген құлшылық қабыл болмасы анық.

Хадистерде келген қияметтің кіші белгілері өте көп. Біз бұл жерде қазір қоғамда кеңінен етек алғандарын ғана айтуға тырыстық. Хадистерде келген кіші белгілерден:

- Адамдар намаздарын қаза етеді.

- Нәпсіге бой алдыру, қалағанын жасаудың көбеюі.

- Аманатқа қиянаттың артуы.

- Пара алушылық көбейеді.

- Төрешілер мен қазылар үкімді сатады.

- Ажырасулардың көбеюі.

- Зина кеңінен таралады.

- Табиғи апаттар көбейеді.

- Жағымсыз ғалымдар көп болады.

- Кедейшілік, діннің үкімдеріне бағынбаушылық көп болады.

- Надандар мәртебелі болады.

- Тақуа ғалымдар адамдар арасында келеке-мазаққа айналады (Имам Шарани)

  Сөз соңында дана ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) атамыздың былай айтқанын келтіре кеткіміз келеді:

    «Өлімнің хақ екенін көрсең де,

    Өлместей омыраулап, шатасың.

    Дозақтың барын біліп жүрсең де,

    Күнәға, әлің келсе, батасың...деп ескерткенін естеріңізге сала отырып:

    Қиямет күні болғанда,

    Бәйшешек гүлдер солғанда.

    Дүние астаң-кестең боп,

    Оңбаған құлың оңғанда».

    «Жаратушы Ием тек өзіңнен мейірім күтемін», - деп жырлап өскен бүгінгі қазақтың ұрпағына «Иманды бол!» деген сөзді айта бергіміз келеді демекпіз.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: