Бетқайнар ауылдық колледжінде "Бетқайнар" мешітінің имамы Нұрлан Жиенбаевтың қатысуымен деструктивті ағымдардың алдын алу мақсатында "Діни экстремизм мен терроризм" тақырыбында кездесу өтті.
Имам жат ағым ұстанушыларының шектен шыққан, сенім тұрғысынан қате тұстарын тілге тиек етіп, тізіп айтты. Студенттердің сұрақтарына жауап берген білікті маман шариғатқа қатысты басқа да сауалдарға мысал келтіріп өтті.
"Қандай халық болмасын тарихи үрдістердің негізінде қалыптасқан дәстүрлі құндылықтармен астасып өмір сүреді. Салт-дәстүр ұлттың бір мәдени қабаты ғана емес, сол халықтың төлқұжаты іспетті. Яғни, халық үшін оның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы басты құндылықтардың бірі саналады. Әр ұл дінді толықтай ұстана отырып, оның талаптарын дәстүріне сіңдіреді. Ал дәстүрлі құндылықтарды терістейтін және дінді тым қатал етіп көрсететін, сенім тұрғысынан адасқан топтарды біз деструктивті ағым деп атаймыз" - деп атап өтті имам.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі