#Байзақ: БЕЛСЕНДІ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰМРАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

#Байзақ: БЕЛСЕНДІ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰМРАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде жылдық есеп беру жиналысында белсенді қызмет атқарған дін қызметкерлері облыс бас Бейбіт қажы Әліпбекұлының алғыс хатымен марапатталды.

Атап айтар болсақ «Байзақ баба» мешітінің  найб имамы Каримбаев Айбек, «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Есеев Азамат, «Тегістік» мешітінің имамы Сағымбаев Бақытбек, «Ан – нағим» мешітінің молдасы Шукриеев Сейдали, «Диқан» мешітінің молдасы Бердалиев Мухит, «Жантай ата» мешітінің молдасы Джумагулов Бекжан, «Абдімажит» мешітінің молдасы Бақаш Құрманәлі марапатталды

Байзақ ауданының бас имамы жеті имамның жетістігін атқарып жатқан іс – шараларын айтып, алғыс хатты табыстап, облыс бас имамының сәлемдемесін жеткізді.

Сонымен қатар Байзақ ауданының бас имамы Рамиз қажы  Азизовтың  ұйымдастыруымен үш  имамға умра қажылығына жолдама берілді.

        «Байзақ баба» мешітінің  баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: