Қордай ауданы Әлжан ана ауылдық "Құдайберген" мешітінің имамы Саламат Аманбаев ауыл мәдениет үйінде мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Жат ағымдардың алдын алу мақсатында өткен іс-шараға "Дінді дұрыс ұстансаң - қасиетін, дұрыс ұстанбасаң - қасіретің" тақырыбы арқау болды. Имам жастарға ағымдар мәселесі жайлы түсінік беріп, олардың қате, адасқан тұстарын тілге тиек етті.
Жастардың сауалдарына жауаптар беріп, аят-хадистермен қуаттап, дәлелдеп өтті. Оқушыларға дін жайлы білім алу үшін, сұрақ сұрау үшін имамдарға, мешітке жүгінуге, ҚМДБ басылымдарын, мүфтият сайттарын ғана оқуға кеңес берді.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі