#Шу ұстаздары 1 жылда 70 шәкіртті Құранға түсірді

#Шу ұстаздары 1 жылда 70 шәкіртті Құранға түсірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы бойынша әйел-қыздар секторының ұстаздары Лаззат Маханбетова мен Сәуле Нұрсұлтанқызы облыстық мешітте өткен ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының қорытынды жиынына қатысты.

Облыс бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев қатысқан іс-шарада ұстаздар жылдық есепті тапсырып, атқарған жұмыстары, оның нәтижесі туралы сөз етті. Сонымен қатар облыс бас имамының алғыс хатымен марапатталды. 

Айта кетейік, қос ұстаз Шу аудандық "Жәми" мешітінде 1 жылда 150 шәкіртке дәріс беріп, оның 70-ін Құранға түсірді. Мешітте сауатын ашушылар расында қыз-келіншектермен қатар ақ жаулықты әжелеріміз де бар. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: