#Шу: Шәкірт қыздар Құран жаттауда

#Шу: Шәкірт қыздар Құран жаттауда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құран - жаттаған адамға қабірде нұр шашып тұрады, толық жаттасаң қияметте шапағатшың болады. Алланың сөзі, бақытты өмір сүруіміздің заңдылығы болған қасиетті кітапты оқу, жаттау әрбіріміз үшін маңызды. 

"Сендердің жақсыларың - Құранды үйреніп, өзгелерге үйреткендерің" дейді шариғатымызда. Дәл осылай Шу аудандық "Жәми" мешітінде Құран дәрістерін алып жүрген шәкірт Индира Бахтиярқызы бүгінде 1.5 пара, ал шәкірт Жадыра Ақылбекқызы 1 пара Құран жаттап бітірді. 

Ұстазы қари Сәуле Нұрсұлтанқызы шәкіртінің жетістіктерге жетіп келе жатқанына қуанып, мешіт атынан діни кітап сыға тартты. Индирамен Жадыраға қари болуды тілейміз.

Алла шәкірттердің Құранға деген махаббатын, сүйіспеншілігін арттырсын! 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: