#Тараз: «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешіті 4 жанұяға көмек көрсетті

#Тараз: «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешіті 4 жанұяға көмек көрсетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман кісі –қайырымдылық пен кеңпейілділіктің үлгісін үнемі көрсетуші жан. Бұның бір ғана мысалы ретінде осы жолғы Алланың разылығы үшін мұқтаж жетім-жесірі бар отбасыларға қаржылай берілген көмекті айта аламыз.

Тараз қаласында орналасқан «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің имамы Амангелді Ембергенов мешіт айналасы мен қала ішінде және «Шөлдала» ауылында тұратын жалпы саны 4 мұқтаж отбасыға қаржылай көмек көрсетті.

   Мұқтаж жанұяларға мешіт имамы Амангелді Назарбайұлы арнайы барып, көмек ретінде берілген қаржыны табыстап қайтты. Атап айтар болсақ, 4 кісіге 10 000 теңгеден үлестірілді. Бұл жолғы қайырымдылыққа жұмсалған қаражат 40 000 теңгені құрайды.

  Имам мұқтаж жандарға Алладан жеңілдік тілеп, дұға жасады. Мұқтаж жандар өз кезегінде имамға шексіз алғыстарын жеткізді.

Тараз қаласы «Ар-Рахман Ар-Рахим»

мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: