#Т.Рысқұлов: РАНТ мүшесі шыншылдық тақырыбын қозғады

#Т.Рысқұлов: РАНТ мүшесі шыншылдық тақырыбын қозғады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінде Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет келіп Құлан жамағатымен кездесті.

Кездесуді ауданның бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы арнайы ұйымдастырып, Ғазиз Ұстазды қонаққа шақырды. Жамағатпен жүздесудегі уағыз шам намазы мен құптан намазының арасында ихсан ілімі бағытының бір тармағы «Шыншылдық» тақырыбында болды.

Мешітке әдеттегіден әлдеқайда көп жамағат жиналып, рухани ілімнен сусындады. Уағыздан кейін жамағат арасынан кейбір кісілер өз сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын естіді.

 Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: