Облыстық мешіттің қызметкерлері Айша бибідегі жаңа ғимаратпен танысты

Облыстық мешіттің қызметкерлері Айша бибідегі жаңа ғимаратпен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі Жамбыл ауданы "Айша бибі" ауылында діни білім саласына қызмет ететін арнайы ғимарат тұрғызып жатыр. 

Ғимаратты қыз-келіншектерге діни білім беру, қарилыққа оқыту бойынша "Һибатулла Тарази" мешітіне қарасты арнайы бөлім етіп іске қосу жоспарда бар. 

Аталған игі істің құрылыс жұмыстарын бақылап қайту үшін облыстық мешіт-медресенің барлық қызметкерлері Айша бибі ауылына арнайы келіп, болашақ білім ордасын аралап, танысып қайтты. 

Облыс бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев қызметкерлерге ғимараттың атқаратын қызметін, толық аяқталғанда енетін көрінісін сипаттады. Көпшілік осындай елге пайдасы тиетін игі бастамаға өте қуанышты екенін жасырмады. Дін қызметкерлерінің ғимаратты көруге арнайы келгендігі де осының дәлелі. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: