#Т.Рысқұлов: РАНТ мүшесі аудандық мешітте уағыз жүргізді

#Т.Рысқұлов: РАНТ мүшесі аудандық мешітте уағыз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінде «Һибатулла Тарази» облыстық орталық мешіттің наиб имамы және РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы жұма уағызын жүргізді. Жұма намазына жиналған жамағат жарты сағат уақыттың қалай өткенін байқамай қалды.

  Нұралы ұстаз мәуліт айында жасалатын амалдарға тоқтала келе былай деді: Бұл айда мұсылман баласы шамасы келгенше шариғатқа негізделген барлық ғибадат-құлшылықтарды орындай беруіне болады.

Көп құран оқу, садақа жасау, дүйсенбі, бейсенбі күндері немесе әлі жетсе, пайғамбарға (с.ғ.с.) ұқсап бір күн ораза ұстап, бір күн аузы ашық жүру, бес уақыт намазын мүмкін болса толықтай мешіт жамағатымен бірге оқу, мәуліт дұғасына қатысу, қайырымдылық шараларына атсалысу және т.б. Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айту.

Ардақты пайғамбардың (с.ғ.с.) есімін естіген сәтте оған салауат айту мүминнің Алла елшісіне (с.ғ.с.) деген махаббатын арттырады және күнәларының кешіріліп, дұғаларының қабыл болуына, мол сауапқа кенелуіне, ең бастысы, махшарда Хазіреті пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) шапағатына ие болуына мүмкіндік береді.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: