#Тараз: Мешіт шәкірттері арасында Құраннан жарыс ұйымдастырылды

#Тараз: Мешіт шәкірттері арасында Құраннан жарыс ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Тараз қаласына қарасты «Құлбай баба» мешітінде шәкірттер арасында Құран сайысы өтті. Байқауға қала мешіттерінен келген шәкірттер қатысып бақ сынады. Жарыс жарты пара, бір пара және екі парадан болды. Жарысқа қатыспаған шәкірттер, қонақтар, ата-аналар арасында сұрақ-жауап ойындары ойнатылып, сыйлықтар үлестірілді. Жарыста бас жүлдені Даурен Тилманбетов қанжығасына байлады.

«Құлбай баба» мешітінің имамы Талғат Асанұлы арнайы қатысып, шәкірттерге өзінің әділ бағасын берді. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Шәкірттер имамға алғыс білдірді. Имам өз кезегінде осы жарысқа демеуші болған Құрал Нысанбайұлына әрі ұйымдастырған Дәулет пен Бекмұхан сынды т.б кісілерге алғысын білдіре отырып, жамағатты дәрістерге белсенді қатысуға шақырды.   

Айта кетейік, «Құлбай баба» мешітінде тұрақты түрде жамағатқа арналып түрлі дәрістер ұйымдастырылып келе жатыр.

 Амангелді Ембергенов

«Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: