Қалалық «Әулие ата» мешітінде жұма күнінде екі кісіге кіші қажылыққа жолдама берілді.
Қайырымдылық бағыты бынша жүзеге асқан іс-шара барысында Тараз қаласының бас имамы Орынбасар Орымбайұлы екі бірдей азаматқа жамағат алдында кіші қажылыққа жолдама табыс етті. Бірі мешіттің дұғагөй қариясы Алдабергенов Қожамқұл ақсақал болса, екіншісі «Шейх Зуннун» мешітінің наиб имамы Жетпісбаев Манат имам.
Кіші қажылыққа жолдама алған жандар имамға шексіз ризашылығын білдірді. Орынбасар Орымбайұлы кіші қажылыққа аттанғандарды әуежайға арнайы барып, өзі шығарып салып сапарларының сәтті болуын тіледі. Қаланың бас имамы Орынбасар Орымбайұлының айтуынша, бұл игі шара әр бір жарым ай сайын өз жалғасын табатын болады.
Амангелді Ембергенов
«Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі