Қазақ халқының қанында ежелден бар, атадан балаға жалғасып келе жатқан ізгі қасиеттің бірі – қайырымдылық. «Жетімін жылатпай, жесірін қаңғыртпай», үй салса асарлатып, қоныс аударса ерулік беріп, қаржысыз қалса, сауын сиырын жетектетіп жіберіп, малына қасқыр шапса, жылу жинап, орын алған қандайда бір келеңсіз оқиғаның орнын білдіртпей жіберуге көп болып атсалысқан.
Балалар үйі мен қарттар үйінің не екенін білмеген қазақ даласында қайырымдылық пен қамқорлық көрсетудің түрлі әдістері көрініс тапқан. Бабалар дәстүрі жаңғырып, қайырымдылық шаралары жалғасын табуда. Тараз қаласы «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің имамы Ембергенов Амангелді туыстарымен бірігіп баспанасының құрылысы жүріп жатқан, құрылыс материялдарына мұқтаж, 5 баланың әкесі, мүмкіндігі шектеулі, өзі де мүгедек және үлкен ұлы да мүгедек жанға салынып жатқан үйінің бес терезесін 295 000 теңгеге салып берді.
Сыртқы есікті 85 000 теңгеге, жылы еденге қажетті заттарды 153 500 теңгеге, үйді жылытатын пешті 230 000 теңгеге сатып алып орнатып берді. Іші-сыртының сылақтарына және стяжкасына жұмсалған қаражат 952 000 теңгеге жетті.
Қайырымдылық көмекті алған мұқтаж отбасы имамға шексіз алғысын айтты.
Тараз қаласы «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің баспасөз қызметі.