"Нұр-Мүбарак" жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпханұлына шапан жабылды.
Қордай өңіріне өз мамандарымен келіп 50 имамды оқытып, қоғамдағы түйіткілді мәселе жат ағым ұстанушыларымен жұмыс жүргізу бойынша білім берген академия басшысына Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Қордай ауданының басимамы Асқар Зәкіржанұлы алғысын айтып, құрметтеп иығына шапан ілді.
Айта кетейік қазақ тұрмысында шапанның маңызын көрсететін дәстүрдің бірі – шапан кигізу, иығына шапан жабу. Шапан қазақ халқының сыртқы киіміне жатады. Қазақтар шапанды аса бағалайды. Адамға шапан кигізу, иығына шапан жабу – үлкен құрмет болып саналады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі