#Қордай Құран қарилар дайындау орталығында семинар басталды

#Қордай Құран қарилар дайындау орталығында семинар басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай Құран Қарилар дайындау орталығында экстемизм мен терроризмның алдын алу семинары басталды. Айтулы шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы келіп семинарды ашты.

Шәкірттерге "Нұр-Мүбарак" жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының ұстаздары  дәріс жүргізеді. 

Семинар бүгінгі таңда айрандай ұйыған елдің ортасына іріткі салып, тура жолдан адастырған түрлі ағымдардың алдын алу, оларды тану, ажырата білу мақсатында атқарылып жатыр. Шараға жат ағымдардың алдын алу бойынша Ханафи ғұламасы Мысырлық "Әл-Азһар" университетінің шейхы Игрохим Шағба ұстаз арнайы келді.

Білікті маман дін жолындағы білімімен, өз тәжірибесімен бөлісіп, дін білімін алып жатқан жастарға бағыт-бағдар көрсетуде. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: