Қордай ауданы Сортөбе ауылы Имамдар үйінде "Діни конфликтілердің себептері мен алдын алу жолдары" атты имамдарға арналған семинар басталды.
Семинарды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы ашып, дін мамандарына біліктілікті арттыру мен қоғамдағы діни мәселелермен күресудің маңыздылығын айтып түсіндірді.
2 күнге созылатын аталған семинарда "Нұр-Мүбарак" жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының ұстаздары дәріс жүргізеді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі