Қордай ауданы Сортөбе ауылы Имамдар үйінде өткен 2 күндік семинар өз мәресіне жетті.
"Діни конфликтілердің себептері мен алдын алу жолдары" атты семинарға Қордай ауданы бойынша 50 имам қатысқан болатын.
Дін мамандары "Нұр-Мүбарак" жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының ұстазды берген барлық білімді сіңіріп, дәрісте белсенділік танытты. Семинардың қорытындысы жасалып, бүгін аталған 50 имам академияның сертификатымен марапатталды.
Шарада академия директоры Тимур Нүсіпханұлы мен облыс бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев сөз сөйлеп, мамандары құттықтады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі