"Нұр-Мүбарак" жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры атынан Тимур Нүсіпханұлы жат ағымның алдын алу жұмыстары бойынша белсенді имамдарды марапаттады.
Діни ағарту жұмыстары бойынша, әрі жат ағымның алдын алу шараларында белсенділік танытып, ізгі шаралардың басында жүріп, еліміздің руханиятын көтеру, кемелдікке жеткізу мақсатында еңбек сіңіріп жүргені үшін ҚМДБ облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлына алғыс хат берілді.
Бас имам дін мамандарына алғыс айтып, қызметіне береке, Алланың разылығын тіледі.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі