Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев Шу қаласындағы "Теміржол" колледжінің студенттерімен кездесті.
Бас имам имандылық тақырыбында, теріс ағымның белгілері, одан сақтану жолдары жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Елімізге, халқымызға жат ағымдардың жолына түсіп кетудің астында діни білімнің таяздығы жатыр. Ислам діні ешқашан зорлық-зомбылыққа үндемейді. Керісінше, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Қолымен де, тілімен де басқаға зиян тигізбеген мұсылман нағыз мұсылман» деген сөздері дініміздің ізгілікке бастайтынын көрсетеді" - деп атап өтті имам.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі