Тараз қаласындағы Қонаев көшесінің төрінде орналасқан көрнекті мемлекет қайраткері, қазақтың біртуар ұлы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың аздап ескіре бастаған ескерткішін Тараз қаласының ардагерлері жаңартуды жоспарлап, құрбан шалып, атамызға арнап Құран оқытты.
Бұл игі шараға қаланың бас мешіті саналатын «Әулие ата» мешітінің бас имамы Орынбасар Орымбайұлы арнайы барып, іске сәттілік тілеп, абыз атамыздың рухына Құран бағыштап, дұға жасады.
Қаланың бас имамы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қорында жайылған дастарханнан дәм татып, ардагерлерлермен сұхбаттасу барысында Дінмұхаммед Қонаевтың діндарлығы жайлы сөз қозғады. Әңгіме барысында қойылған сұрақтарға тұшымды жауап беріп, олармен дастархан басында да Құран оқып дұға жасады. Ардагерлер өз кезегінде имамға шексіз алғыс білдірді.
Ембергенов Амангелді
Қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі