Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде 1-ші маусым "Балалардың қорғау күні" ресми түрде балаларға арналған жазғы сауат ашу курсының ашылу салтанаты өтті.
Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев қатысып, жас ұрпаққа тілегін айтып, дұға етті.
Аталған жазғы балалар діни сауат ашу курсының қыздар бөліміне ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының өкілі Нұргүл Ерболова мен балаларға діни білімді үйрету бойынша эксперт Жазира Иманалиева жетекшілік етіп, бөлім беру жоспары мен әдістемесін жаңартты.
Қыздар білімді тез әрі дұрыс меңгерудің тәсілдері арқылы Құран, иман, әдеп, дұға сынды пәндер бойынша дәріс алады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі