Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен көпшілікке танымал «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Нұрмаджан Миразизов ендігі уақытта қызметін Әбу Бәкір ас-Сыддық мешітінің бас имамы Қасымжан Бектаев имамның орынбасары яғни наиб имам ретінде жалғастыратын болады.
Әбу Бәкір ас-Сыддық мешітінің жамағатына бас мүфтидің бұйырығын оқып таныстырған, Тараз қаласының бас мешіті «Әулие ата» мешітінің наиб имамы Асылхан Тұрлыбеков жамағатқа уағыз айтып, наиб имамды қызметімен құттықтап, жемісті жұмыс болуын тіледі.
Амангелді Ембергенов
Қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі