Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің бас имамы Азамат Беркіұлының тапсырмасымен ауданға қарасты барлық мешіт қызметкерлерінің бас қосуымен келелі жиын өтті.
Жиын барысында Азамат Берікұлы 2022 жылдың ІІ-ші тоқсанын қорытындылап, имам-молдалардың алдағы қызметтеріне абырой бедел тілеп, атқарып жатқан қызметтеріне алғысын білдірді.
Алда келе жатқан мұсылман әлемінің ұлық мерекесі болған Құрбан айт мерекесіне дайындық пысықталды. Жылдағы дәстүр бойынша, Құрбан айт мерекесінде ауданның бас имамы барлық ауыл мешіттеріне Құрбан мал еттерін жағдайы төмен отбасын анықтап Құрбан еті таратылсын, мешітке көмек сұрап келген кісілерге көңіл бөліп, сұраныстары қанағаттандырылсын, еш уақытта дөрекілік көрсетілмесін деп жеткізді.
Осы мақсатта, ауданымызға қарасты барлық мешіт имамдары, еріктілер және аудан әкімшілігі бірлесе отырып, осы Құрбан айт мейрамында үлкен іс-шара атқаруымыз керек, абыроймен атап өткізуіміз керек деп ескертті.
Сонымен қатар, имам-молдалардың аттестациялық емтиханнан өту мерзімі жақындап қалғандықтан, оғанда дайын жүру керектігі ескертілді. Емтихан қай бағытта, қандай пәндерден болатындығы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Жиын соңында, елімізге, жерімізге дұға жасалды.
Аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі