Сарысу ауданында орналасқан 14 мешітті Жамбыл облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Тараз қалалық Ар-Рахман Ар-Рахим мешітінің имамы Ембергенов Амангелді аралап, жамағатпен жүздесіп, уағыз-насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға дәлелді түрде жауап берді. Ембергенов Амангелді 14 ауылдың әрбірінің мешіттеріне арнайы ат басын тіреп, жамағатымен кездесіп, діни жат ағымдардың алдын алу шараларын жасады.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген ата-бабамыздың өсиетін орындай отырып, жат ағымдардың алдын алу жұмыстарын ұмыт қалдырмау өте маңызды іс. Қазіргі таңда бұл бағытта мешіт имамдары, медресе ұстаздары, жалпы дін қызметкерлері тарапынан қыруар шаруа атқарылып келеді. Дей тұрғанмен жат ағымның кеңге жайылуының алдын алу мақсатында тынымсыз күресу еліміздің әрбір тұрғынының мызғымас азаматтық міндеті екенін де ұмытпаған жөн.
Тараз қаласы "Ар-Рахман Ар-Рахим" мешітінің баспасөз қызметі