#Тараз қаласы: «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын жүргізуде

#Тараз қаласы: «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын жүргізуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тараз қаласына қарасты «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің имамы Ембергенов Амангелдінің басшылығымен мешітте мектеп жасындағы ұл-қыздарға жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастап кетті.

   «Имани жаз 2022» сауат ашу курсына сабақ алуға «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітіне күнделікті жиырмадан астам ұл балалар, отыздан астам қыз балалар екі топқа бөлініп, білім алуда.

   Жазғы сауат ашу курсында:

   - Құран әліппесі;

   - Иман негіздері;

   - Ислам әдебі сынды пәндерден сабақ беріліп жатыр.

   Сондай-ақ, сабақтан соң мешіт қызметкерлері балалардың көңілін көтеретін әртүрлі білім мен спорттық ойындар ұйымдастырып, кейде дастархан жайып, балалардың ынталы түрде білім алуына жағдай жасап келеді. Түске дейінгі және түстен кейінгі ауысымдарда балалар топ-топқа бөлініп діни білім нәрімен сусындап жатыр. Осы жазғы сауат ашу курсы қыркүйек айына дейін үздіксіз жалғаспақ.

Тараз қаласы «Ар-рахман Ар-рахим» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: