Талас ауданына қарасты 11 мешітті Жамбыл облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Тараз қалалық Ар-Рахман Ар-Рахим мешітінің имамы Ембергенов Амангелді аралап, уағыз-насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді. Ембергенов Амангелді 11 ауылдың әрбірінің мешіттеріне арнайы барып, жамағатымен кездесіп, діни жат ағымдардың алдын алу жұмыстарын жүргізді.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші жат ағымдардың алдын алу жұмыстарын жиі жүргізу өте маңызды. Қазіргі таңда бұл бағытта мешіт имамдары тарапынан көптеген жұмыстар жасалып келеді. Дегенмен жат ағыммен тынымсыз күресу еліміздің әрбір азаматы мен азаматшасының міндеті екенін де естен шығармаған жөн.
"Ар-Рахман Ар-Рахим" мешітінің баспасөз қызметі