#Жамбыл: Имамдармен семинар өтті

#Жамбыл: Имамдармен семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданға қарасты ауыл-аймақ мешіттерінің имам-молдаларымен арнайы семинар өтті. Кездесуде «жеті рухани бағыт» бойынша ауыл имамдарының атқарып жатқан жұмыстары сараланып, мешітке келуші жамағат үшін мешіттің тәртібі және де дін қызметкерлері мен жамағат арасындағы қарым-қатынас сөз болды.

Аталған жиында басшылық еткен ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «дін және дәстүр» турасында ауыл имамдарына арнайы сөз сөйлеп, сонымен бірге «дін мен дәстүр» тұрғысында жамағатқа уағыз-насихат айту керектігін еске салды. Жиын соңында ауданның бас имамы мешіт тазалығы жөнінде де мұқият болу керектігін тапсырып, ауыл имамдарының дін жолында атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдірді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: