Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы әскери бөлімшесінде «Айша-бибі» ауылдық мешітінің имамы Таджибаев Қатарбайдың қатысуымен «Отан алдындағы міндетті борышымыз» турасында кездесу өтті.
Ауыл имамымен кездескен әскери бөлімше сарбаздары көкей кесті сұрақтарына жауап алып, ауыл имамының құрметті қонақ болып кеткендеріне алғыстарын білдірді. Шынында да, Отанға деген адал борышты өтеу барлық азаматттың асыл міндеті. Сондықтанда мешіт имамы сарбаздарға сәттілік тілеп, алдағы уақытта тек Отанға адал қызмет етуге шақырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі