#Жамбыл: Қарыз беру мен қайтару әдептері

#Жамбыл: Қарыз беру мен қайтару әдептері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміз Исламда адам баласының екі дүниесіне қажетті барлық мағлұмат қамтылған. Осындай қасиетті Құран мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде баяндалған мәселелердің бірі – қарыз алу және оны қайтарудың әдептері.

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешітке келген жамағатқа «Қарыз беру мен қайтару әдептері» турасында кеңінен уағыз-насихат айтты.

Ауданның бас имамы қасиетті Құранның ең ұзақ аяты болып табылатын «Бақара» сүресі, 282-аятының қарыз аяты болуы тегін еместігін айтып, мұсылман адамның қарыз әдептеріне өте мұқият болып, оған бей-жай қарауына болмайтындығын ескертті.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: