Жамбыл облысының бас имамы кәсіпкерлермен кездесті

Жамбыл облысының бас имамы кәсіпкерлермен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің қатысуымен "QMDB Halal" сертификатын жаңартқан кәсіпорын иелерімен жиын өткізілді. Жиынға "Халал Дамудың" жергілікті жауапты өкілі Нұрмаджан Миразизов, технолог Аблайхан Кәріпбаев пен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Жиын барысында Бейбіт Әліпбекұлы "QMDB Halal" сертификатына ие болған кәсіпорын өкілдерімен сүбелі сұхбат құрып: "Халал - бұл тек қана өндіріс пен азық-түлікке қатысты ұғым емес, бұл - мұсылмандардың құлшылығы мен өміріне тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Халал сертификатына ие болу – шариғаттың жоғары талаптарын сақтай отырып, халыққа адал да таза өнім ұсыну. Алла осы бағыттағы қадамдарыңызды қабыл етіп, сауаптан жазсын. Кәсіптеріңізге береке, қызметтеріңізге адалдық нәсіп еткей!",– деп кәсіпорын өкілдеріне "QMDB Halal" сертификаты мен арнайы сыйлықтар табыс етті.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: