Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде 3 курс шәкірттері қорытынды мемлекеттік емтихан тапсырды.
Шешуші сынақты қабылдау комиссиясында ҚМДБ-ның Діни білім және кадр дайындау бөлімінің маманы Жаңабай Қожин, ҚМДБ-ның Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен аталған оқу орнының директоры Сәкен Сейдикаримов болды.
Студенттер Құран, фиқһ, араб тілі, ақида пәндері бойынша емтиханды билет сұрақтары негізінде ауызша тапсырды. Айта кетейік, биыл 18 шәкірт түлек атанып отыр. Сынақ қорытындысына сай 5 студент қызылға тапсырса, 5 шәкірт "жақсы", 8 шәкірт "қанағаттанарлық" ұпай жинады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі