РАНТ мүшесі түзету мекемесінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді

РАНТ мүшесі түзету мекемесінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

РАНТ мүшесі,  ҚМДБ-ның Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов Тараз шаһарына жасаған іс-сапары кезінде түзету мекемесінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Насихат тыңдауға жиналғандарға республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесін "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы, жат ағымдармен жұмыс бойынша маман Жарбол Ақжігіт таныстырды. 

Елордадан келген білікті маман жазасын өтіп жүрген азаматтарға діннің маңыздылығын, оның адамзатқа тура жолды нұсқайтынын айта келе теріс ағым деген не, оның қандай түрлері мен зиындығы бар деген сауалдарға жеке-жеке тоқталып өтті. 

Жат ағымнан сақтанудың жолы мен оларды ата дінімізді ұстанушылардан айырудың әдісін айтты. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: