Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде қала және аудан бас имамдарының мәжілісі өтті.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың басшылығымен өткен жиында бірқатар мәселелер тілге тиек болып, құрбан айтқа қатысты тапсырмалар жүктелді.
Атаулы бас қосуға Жамбыл облысы Дін істері басқармасының жаңа басшысы Сәкен Мыңбаев қатысып, имамдармен танысты. Дін мамандарына "келе жатқан Құрбан айт құтты болсын" деп жылы лебізін жеткізді.
Жиын соңында ісімен, жетістіктерімен көзге түскен имамдар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі