Халық пен билікті байланыстырушы алтын көпір - БАҚ өкілдері. Бұқаралық ақпарат құралдары бұқараға әлем, ел ішінен жылдам хабар беруден бөлек, руханиятты насихаттауда үлкен маңызға ие.
Қазақтың қара шаңырағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл арнасы "Мұнара" телеарнасының директоры Нұржан Дарқұлов Тараз шаһарына арнайы келді.
Телеарнаға арнап бейнематериалдар түсіріп жүрген "Һибатулла Тарази" мешіті жанындағы asyldin.kz студиясын аралап мамандарымен кездесті.
Руханиятты насихаттау, дін мен дәстүр, түсірілім, бағдарлама мазмұны, стиль туралы бірқатар кеңестер берді.
Көркем әңгіме, сүбелі сұқбат жүргізгендер дінді телеарна арқылы бұқараға жеткізудің жауапкершілігін сезінді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі